Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының

«ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ»

шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын



Коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения

«КЫЗЫЛКОГИНСКАЯ РАЙОННАЯ БОЛЬНИЦА

Управления здравоохранения по Атырауской области



Қызылқоға аудандық ауруханасының қысқаша тарихы

Қызылқоға аудандық  ауруханасының қысқаша тарихы
        Қызылқоға аудандық  денсаулық сақтау саласы 1944 жылдың 1-ші маусымында құрылған. Осы жылдан бастап денсаулық сақтау саласына үлкен көңіл бөлініп, меңгерушісі болып дәрігер Айтқали Кәдіргалиев сайланды. 1944 жылдың қазан айында Қарабау селосының Қызылқоға елді мекенінен дәрігерлік амбулаториямен 10 төсектік аудандық аурухана ашылып, меңгерушілігіне фельдшер В.И.Кузьмичева тағайындалды. 1945 жылдан бастап ауданның 8 елді мекенінен медициналық көмек көрсету пункттері ашылды. Олар: Миялы МП - меңгерушісі Қ.Танкиев, Жамбыл МП - меңгерушісі Н.Некрасова, Былқылдақты МП - меңгерушісі В.Кузьмичева, Тайсойған МП - меңгерушісі С.Н.Николаев және Ақшелек, Қоянды, Мұқыр,Қаттыкөл медпункттері кадр жоқтықтан жабық тұрды.
    1981 жылы Миялы селосында типтік жобамен үш қатарлы 100 төсектік аурухана ғимараты салынып, қолдануға берілді. Одан соң бірнеше жыл араға салып Елбасымыздың «100 мектеп, 100 аурухана»  бағдарламасы  аясында 2011 жылдың  наурыз  айында   Миялы  селосына  ауысымында  250 адамды  қабылдауға  мүмкіндігі  бар   осы  заманның медициналық  технологиялық құралдарымен жабдықталған жаңа  типтік  жобамен  салынған  емхана  пайдалануға  берілді. Бұл  тұрғындарға  медицина  қызметкерлерінің  сапалы  көмек  көрсетуіне  үлкен  жағдай жасады. 2013   жылдан  бастап  коммуналдық мемлекеттік қазыналық  кәсіпорын шаруашылық  жүргізу құқындағы  мекемеге көшуімізге  байланысты 60 төсектік   аудандық орталық ауруханасы емхананың  3-ші  қатарына  көшіріліп  әкелінді. Дәрігерді  үйге шақыруға, дәрігердің  қабылдауына алдын ала  жазылуға  қол  жеткіздік. Аудандық  емханада  «кезексіз  емхана»  принципі  енгізілді. Қажетті  маманға  алдын ала  үйден  телефон  арқылы немесе EGOV, DAMUMED мобильді қосымшалары арқылы жазылу іске асырылды. Аудан  бойынша  тәулік   бойы  жұмыс   жасайтын кереует  саны 100-ден   55 кереуетке қысқартылып,   күндізгі   стационар бөлімі  15  төсектен  60   төсекке  дейін   көбейтілді.

Тилемисова Айнур Туребековна

Тилемисова Айнур Туребековна

Главный врач


Государственные сайты